Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Жұмыс іздесең — бізге кел!

Жұмыс іздесең — бізге кел! Ақтөбеде жиырмадан астам кәсіпорын бір мезетте жүзден астам түрлі мамандық иесін қызметке шақырды. Бұл жолы ұйымдастырушылар басымдықты жастарға беріпті. Қолына кеше ғана дипломын алғандар бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік дейді. Себебі осындай жәрмеңкелер жұмыс берушімен көзбе-көз жүздесіп, пікір алмасуға ыңғайлы екен. Ұйымдастырушылар да, екі қолға бір күрек іздегендер де еңбек нарығын әбден зерттеген. Мансап орталығындағылар жастарға ең әуелі өз мамандығы бойынша тәжірибе жинаудың маңызды екенін түсіндірді. Ал «Жастар практикасы» бағдарламасы сол жағынан өте ыңғайлы.

АҚНИЕТ АЙМАҒАМБЕТ, ЖАС МАМАН:

Екі шетел тілі мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрмін қазіргі таңда. Осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерде жұмыс қарастырып көрдім. Бірақ жауап жоқ болды. Бізде, жас мамандарда ешқандай тәжірибе жоқ қазіргі таңда. «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы біз ешқандай опытсыз-ақ мектепке кіріп, сол жақта тәжірибе жинақтай аламыз.

ӘСЕМ ЖОЛМҰРАТОВА, ҚАЛАЛЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жыл басынан бері үш жәрмеңкеміз өткен кезде 136 адам жұмысқа тұрды. Оның ішінде жастардың саны — 36. Осы жәрмеңкеге 20-ға жуық ұйым мен кәсіпорын қатысып, 150-ден астам өзекті бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Атап айтсақ, сұранысқа ие мамандықтар: химия, математика, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері және наубайханашы, газ дәнекерлеуші, іс жүргізуші секілді бос жұмыс орындары бар.

← Барлық жаңалықтар