Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Қай өңірлерде ыстық болады?

Астанада күн салқындап, ал Алматыда аптап әлі жалғасады. Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жасады. Ертең бас қалада күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын жаумайды. Түнде сынап бағаны +17-19 градусты көрсетсе, күндіз +35 градусқа дейін көтеріледі. Ал алматылықтар қолшатырын үйге қалдырып кеттім деп алаңдамаса да болады. Демалыс күндері жауын жаумайды, сынап бағаны 36 градус ыстықты көрсетеді. Жексенбіде де дәл осындай ауа райы сақталады. Өзге өңірлерге келсек, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі. Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Ал батыста ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстікте 44 градус аптаптың беті қайтып, +30 градусқа дейін төмендейді.

← Барлық жаңалықтар