Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Жануарларды асырау тәртібі өзгереді

Енді ит пен мысық асырайтындар түрлі сылтау айтып, тіршілік иелерін далаға тастай алмайды. Елімізде үй жануарларын ұстауға қатысты ережеге өзгеріс енгізіледі. Бұдан былай жауапкершіліктен қашатындар үшін арнайы шаралар тізімі бекітілмек. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Демек, алдағы уақытта күшік пен марғаудан бас тартқан азаматтар оларға жаңа қожайын тауып беруі тиіс. Тұрғындар ит пен мысықты панажайға, уақытша ұстау пунктіне орналастыруға міндеттеледі. Ал үй жануары қажет болмай қалса да, жауапты тұлға оған қатысты міндеттерден босатылмайды. Сондай-ақ уақытша асырайтын мекемелер тіршілік иесін қарамағына алған күннің өзінде, бұрынғы иесі жаңа қожайын табылғанша күтіп-баптауға жауапты болады. Аталған ереже 24 тамыздан бастап күшіне енеді.

Қайыркен Отыншы

← Барлық жаңалықтар