Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Ауа райы бұзылады

Еліміздің біраз аймағында жаз осымен біткен сияқты. Себебі алдағы үш күнде күн райы бұзылайын деп тұр. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады екен. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Бүгін Қазақстанның орталығында, шығысында және солтүстік-батысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Бірақ батыс аймақтардың тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі қалыпты ыстық ауа райы бұл өңірлерде сақталады.

Қайыркен Отыншы

← Барлық жаңалықтар