Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Ит-мысықты чиптеу міндеттеледі

Енді елімізде ит-мысықты чиптеу міндетті болады. Өйткені үй жануарларын есепке алу тәртібі өзгермек. Экология және табиғи ресурстар министрлігі арнайы бұйрық шығарды. Бұрын жануарларды сәйкестендірудің әртүрлі құралдарын пайдалануға мүмкіндік берілген болса, бұдан былай марғау мен итті тіркеу кезінде микрочип орнатылады. Қондырғының нөмірі деректер базасына енгізілмек. Ал бұл жұмыстарды тек ветеринария саласында емдеу-профилактикалық қызметпен айналысуға құқығы бар мамандар мен ұйымдар жүргізе алады. Жаңа өзгеріс 22 тамызда күшіне енбек. Айта кетейік, министрліктің бұйрығы басқа үй жануарларына әсер етпейді. Олардың иесі есепке алу құралын өз қалауынша таңдап, өзі сатып ала алады.

← Барлық жаңалықтар