Оралдан Ақтөбеге баратын жол жабылады. Өйткені Шаған өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылмақ. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді. 22 тамыз күні сағат 5:00-ден түскі он екіге дейін халықаралық маңызы бар трассада қозғалыс тоқтайды. «Сырым» өткізу бекеті автожолының 247-шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. Шектеу көліктің барлық түріне қатысты болмақ. Жауапты компания жүргізушілерден маршрутты жоспарлау кезінде уақытша шектеуді естен шығармау керегін жеткізді.
ҰЛАН ТОҚТАРБЕК, «ҚАЖСЕРВИС» ЖШС БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жұмыс барысында асфальт-бетон жабындысының жоғарғы қабаты ауыстырылатын болады. Осы ретте, құрметті жол пайдаланушылары, жұмыс барысындағы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, жүріс бағытын алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Жақсылық Жасұланұлы