Атырауда елді елең еткізіп жүретін рекордсмен дауыс беруге КамАЗ сүйреп келді. Ерсейіт Бралиннің өнері сайлаушыларды таңғалдырды. 7 вагонды қатар сүйреген алып күш иесі саяси науқанға да ерекше дайындалыпты.
ЕРЕСЕЙІТ БРАЛИН, РЕКОРДШЫ:
Бүгінгі 23 тамыз Құрылтайға орай «Шахман» КамАЗ-ын 23 метрге сүйреп, өз өнеріммен бөліскен жайым бар. Сонымен қатар №175 учаскеге келіп, өз таңдауымды жасадым, өз азаматтық борышымды атқардым.