Еліміз үшін маңызды саяси науқан — ел тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауы қызықты сәттерге толы. Дауыс беру орындарындағы ахуал мен қызықты жайттарды білу үшін тікелей эфирге қосылған әріптесім Үсеннен сұрайық.
ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:
Рақмет, Асаубек, біз дәл қазір елордада орналасқан нөмірі 281 сайлау учаскесіндеміз. Сыртта ауа райы жаңбырлы, дегенмен ел ертеңіне бейжай қарамайтын азаматтар жауын-шашынды елемей дауыс беруге келіп жатыр. Ал дауыс берушілерді қазына қарияларымыз әсем әндерін шырқап күтіп алуда. Ата-әжелеріміздің айтуынша, алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына мерекелік көңіл күймен қарау керек дейді.
ЖАНАТ БОРАНҚҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Құрылтай сайлауы алғаш рет өзіміздің елде өтіп жатқаннан кейін, біз жақсы ән алып келдік, елге мерекелік көңіл сыйлайық деп. Сол патриоттық өлеңдер айтамыз, қазақ классика, енді біз бүгін 4-5 адам представитель болып келіп тұрмыз.
ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:
Иә, біз тұрған сайлау учаскесінде 2730 адам тіркелген. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, олардың жартысына жуығы Құрылтай сайлауына түсіп жатқан партияларға дауыс беріп үлгеріпті. Әзірге айтарым осы.