Маңғыстауды өзгертетін жаңа идеялар.
Ақтауда өткен облыстық жазғы бизнес-лагерьде 120 оқушы мен студент жеті күн ішінде өңірдің өзекті мәселесін шешетін 9 жоба әзірледі. Жастар кәсіпкерлік пен әлеуметтік жобаларды ұштастырып, жасанды интеллект мүмкіндігін де пайдаланған. Әр командаға бір жыл ішінде жүзеге асыруға болатын, құны 5 миллиард теңгеге дейінгі жоба әзірлеу міндеті қойылыпты. Жан-жақты саланы қамтыған жастардың идеясы ұйымдастырушыларды таңғалдырды.
Ғалымжан Кенжебек