Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 2 қаралым

Шетелдіктер еліміздің ЖИ қарқынына таңғалды

Еліміздің жасанды интеллект саласындағы қарқыны шетелдік байқаушыларды таңғалдырды.

Халықаралық сайлау органдарының өкілдері еліміздегі AI жобаларымен танысып, цифрландыру бағытындағы мүмкіндіктерге жоғары баға берді. Қонақтар alem.ai орталығында болып, Astana Hub алаңындағы стартаптардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі мемлекеттік басқару тәжірибесімен танысып, Tomorrow School мен Tumo Astana жобаларының тыныс-тіршілігін көріп шықты.

ЗАЙНИДДИН НИЗАМХОДЖАЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін біз мұнда жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың дамуымен таныстық. Ең заманауи технологияларды көріп, ерекше әсер алдық. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Бүгін қазақстандық әріптестеріміздің цифрлық технологияларды дамыту бағытындағы жұмыстарын көрдік. Қазақстанның бұл салада озық бағытта келе жатқанын байқадық.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар