Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Неке ең көп тіркелетін айлар анықталды

Елімізде неке ең көп тіркелетін айлар анықталды.

Маусым айы топ жарып, биылдың өзінде 15 мыңнан аса жұп шаңырақ көтерген. Ақ некесін шілдеде қиғандардың саны 11 мың болса, сәуірде де үйленгендер аз емес, сегіз мыңға жетіпті. Олардың ішінде ең үлкен күйеу жігіт 92 жаста, кішісі небәрі 16-дағы бозбала көрінеді. Статистикаға сүйенсек, ең көп неке Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысында тіркелген. Отау құратындар жылдан-жылға көбейгенімен, ажырасу да азаймай тұр, дейді мамандар. Жыл басынан бері бір Алматының өзінде мыңға жуық отбасының некесі бұзылған!

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар