Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Біз тұтынып жүрген бензин сапасыз ба?

Біз тұтынып жүрген бензин сапасыз ба? Жүргізушілер арасында күмән тудырған мәселеге бүгін Энергетика министрі жауап берді. Үкіметте өткен брифингте Ерлан Ақкенженов жанармайдың стандарттарға қаншалықты сай екені тексеріліп жатқанын жеткізді. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде АИ-95, АИ-98 маркалы бензиннің тазалығына қатысты шағым көбейген көрінеді. Автокөлік иелері сапалы деп әспеттеп, қымбатын құйса да, қозғалтқыштардың істен шығуы мен ақаулардың жиілегеніне шағымданған.

ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Шынымен де, бұл мәселе әлеуметтік желілерде жиі айтылып жатыр. Кеше менің орынбасарым техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасарымен бірге Павлодар қаласына кетті. Олар Павлодар зауытын жанармай сапасына қатысты заңбұзушылықтар бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Жүргізушілерге айтарым, 10-12 күннің айналасында бензиннің жаңа партиясы айналымға түседі. Атырау мұнай өңдеу зауытынан жеткізіледі. Демек, біз жақын арада сапалы бензинмен қамтамасыз етеміз.

← Барлық жаңалықтар