Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Сарбаздар пышақпен қаруланған адамды ұстады

Ұлттық ұлан сарбаздары пышақ ұстап, жұрттың мазасын алған бұзақыны ұстады. Ащы суға тойып алған тәртіп бұзушы қарсылық көрсетіп, аузына келгенді айтыпты. Оқиға Талдықорған қаласында кешкі уақытта болыпты. Әскерилер күмәнді адамды байқап қалып, ескерту жасаған. Бірақ ол сарбаздарға шабуыл жасап, агрессия танытқан. Бұзақыны ұстаған кезде қалтасынан пышақ табылған. Ұлттық ұландықтар мас күйде тәртіп бұзған азаматты полицейлердің қолына тапсырыпты.

← Барлық жаңалықтар