Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 23 қаралым

Мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына тартуды доғару керек

Мұғалімдерді пайдасыз тексерістерден босату керек. Қағазбастылық пен бітпейтін есептен мезі болған ұстаздардың мәселесін Мемлекет басшысы көтерді. Тамыз конференциясына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ оқу процесіне қатысы жоқ қоғамдық іс-шараларға тартуға жол бермеу керектігін жеткізді. Президенттің айтуынша, қазір білім беру базасын жаңғырту қолға алынған. Яғни бүкіл мемлекеттік сервис пен қызмет біріктіріледі. Соның нәтижесінде мұғалімдер қыруар уақыт алатын шаруадан арылады екен. Саладағы олқылықтарды жіпке тізген Мемлекет басшысы мұғалімдерді қара жұмысқа жеккен жауаптыларға тікелей тапсырма берді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл жөнінде әлдеқашан келіскенбіз. Бұған жол беруге болмайды. Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктер басқармалары, ең алдымен, құқықтық-нормативтік актілер мен саланы реттеу базасын жетілдірумен, оқу процесін тиімді ұйымдастырумен және білім беру бағдарламаларын мұқият саралаумен айналысуы қажет.

← Барлық жаңалықтар