Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Фаст-фудтың жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Елімізде фаст-фудтың жарнамасына тыйым салынуы мүмкін. Өйткені бургерқұмар бала көбейген. Ал өскелең ұрпақтың денсаулығы бірінші орында. Мемлекет басшысы бүгінгі жиында осылай деді. Тез дайындалатын тағамдар зиянды әдеттердің қалыптасуына ықпал етіп, ағзаға түсетін салмақты арттырады. Салдарынан елдің еңбек әлеуетіне кері әсерін тигізіп жатыр. Фаст-фудтың зардабын айтып, сөзін сабақтаған Президент Қазақстанда 7 мыңға жуық бала қант диабетімен ауыратынын мәлім етті. Олардың саны көбеймесе, азаймай тұр. Сондықтан құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасына шектеу қоюды ұсынды. Алайда бұл мәселенің медициналық қана емес, саяси астары да бар. Сол себепті Үкіметке проблеманың ұңғыл-шұңғылын мұқият зерттеп, тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

← Барлық жаңалықтар