Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Оралда ауру жұқтырғандар көбейді

Батыс Қазақстан облысында қызылша дерті өршіп барады. Жыл басынан бері 300-ге жуық адам ауырған. Бұл індет әсіресе екпе алмаған жандарға жұғып жатқан көрінеді. Бұған қоса, көкжөтелге душар болғандар да көбейіп, елдің есін шығаруда. Ауыл-аймаққа қарағанда облыс орталығы Орал қаласында тіркелген науқастың саны көп. Мамандар дабыл қағып, вакцина алуды, тазалықты сақтауды және адам көп шоғырланатын жерде сақ болуды ескертіп жатыр.

ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің облыста ауа тамшылары арқылы жұқпалы аурулардың көбеюі байқалып отыр. Бұл жаңағы көкжөтел және қызылша. Қызылшаны айта кететін болсақ, 2025 жылдың 7 айында барлығы 18 жағдай тіркелсе, осы 2026-да 280 жағдай тіркеліп отыр. Бұл енді ең басты тиімді алдын алу, айтып кеткендей, екпе алу.

← Барлық жаңалықтар