Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Елімізде жаратылыстану музейі ашылады

Балалардың ғылымға қызығушылығын оятпай, адам әлеуетін нығайту мүмкін емес. Тамыз конференциясында балалар тақырыбына кеңінен тоқталған Мемлекет басшысы осы бағытқа ерекше мән беріп отырғанын жеткізді. Осы ретте Президент ел болып кітап оқу мәдениетін насихаттауға айрықша назар аударғанымыз жөн деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев биыл тиісті Жарлыққа қол қойғанын айтты. Үкімет осы жұмысқа қоғам белсенділерін, шығармашылық және ғылыми қауымдастық өкілдерін, журналистер мен кәсіпкерлерді көптеп тартуы қажет. Бұл бағытта еліміз бойынша Жаратылыстану музейін ашу керек, деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ екі жыл ішінде Президенттік кітапханалар өз жұмысын бастамақ.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Осы орайда Астанада, Алматыда және бірқатар облыс орталығында балаларға арналған Жаратылыстану музейін ашу орынды деп санаймын. Екі жыл ішінде Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында Президенттік кітапханалар өз жұмысын бастайды. Мұндай кітапханаларды Шымкентте және басқа да облыс орталықтарында салу жоспарда бар. Демеушілер аталған бастамаға қолдау білдіреді деп сенемін.

← Барлық жаңалықтар