Жыл соңына дейін елімізден шетелге қатынайтын халықаралық рейстер саны артады. Жаңа бағыттар қосылып, жолаушыларға бірнеше елге тікелей ұшу мүмкіндігі беріледі. Атап айтқанда, Алматыдан Үргеніш пен Қытайдың Чунцин қаласына, Ақтөбеден Бакуге, ал Астанадан Қытайдың Инин қаласына жаңа рейстер ашу жоспарланған. Ал келер жылы Токио, Париж, Рим, Вена, Нью-Йорк және Гонконгке тікелей әуе қатынасын іске қосу мәселесі пысықталып жатыр.