Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Үйін жөндейтін әйелдерге 15 млн теңгеге дейін беріледі

Үй алуды жоспарлап жүрген әйелдер үшін ақжолтай жаңалық. 31 тамыздан бастап «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Қарыздың ең жоғары сомасы 50 миллион теңге. Алғашқы жарна ірі қалаларда 20, ал өңірлерде 15 пайыздан басталады. Қатысу үшін отбасының айлық табысы 1 миллион 250 мың теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ өтініш беруші төлем қабілетін растауға міндетті. Бағдарлама арқылы жаңа нысандардан және 2016 жылдан кейін салынған тұрғын үйлерден баспана алуға мүмкіндік бар. Ал пәтерді жөндеуге несие алғысы келетіндерге 15 миллион теңгеге дейін қаржы беріледі.

НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өтінімді қай жерге беруге болады деген сұрақ болуы мүмкін. Видеобанк арқылы, біздің сайтқа кіріп видео онлайн беруге болады. Бөлімшелерге келіп беруге болады. Біздің баспана маркет сайтында ЭЦҚ арқылы кіріп те беруге болады. Депозитті бірден ашып, депозитті бүгін аштыңыз, одан кейін сатушыға өзіңіздің қаражатты бересіз. Кейін төлем қабілеттілігін растайсыз.

← Барлық жаңалықтар