Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Жастарды жігерлендірген жоба

Елімізде жастардың өмірге көзқарасы, болашаққа деген жоспары бөлек. Мемлекет тарапынан жасалған кез келген бастаманы терең түсініп, мүмкіндікті мүлт жібермейді. Атырау облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағдарламасы аясында талапты жандарға грант үлестірілді. Аталған жобаға 200-ге жуық өтініш түсіпті. Қатысушылар «Ғылым», «IT», «Медиа», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік» бағытқа қатысты материалдар ұсынған. Нәтижесінде 12 млн теңге 12 адамға үлестірілген. Жастарды жігерлендірген жоба 5 жылдан бері жалғасып келеді.

НҰРТАС АЙТҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МАМАНЫ:

Жалпы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының бастамасына сәйкес елімізде 2021 жылдан бастап іске асырылып келеді. Оның ішінде 2024-2026 жылдары Атырау өңірінде ұйымдастырылып, 30-ға жуық жас грант иегері атанды.

← Барлық жаңалықтар