Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Қостанайда әкімшілік ғимарат өртенді

Қостанайда үш қабатты әкімшілік ғимарат өртенді. Адам аман, алайда өрт сол маңда тұрған екі көлікке зақым келген. Құтқарушылардың айтуынша, жалын ғимараттың жанынан шыққанымен, қатты желдің кесірінен үшінші қабатқа дейін көтерілген. Өрттің өршуіне құрылыстың сырты тез жанатын материалдармен қапталғаны әсер еткен. Төтенше жағдай кезінде іште қалып қойған әйел де аман, түтінге тұншыққан оны жедел жәрдем көлігі алып кетіпті.

АНАСТАСИЯ ТРОЯН, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өрт шалған аумақ 900 шаршы метрді құрады, оны ауыздықтауға 70 құтқарушы мен 15 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ қаладағы жедел қызметтердің бәрі оқиға орнында болды. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

← Барлық жаңалықтар