Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Сарбаз 2 баланы өрттен аман алып шықты

Оралда Ұлттық ұланның жауынгері екі баланы өрттен құтқарды. Оқиға қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Әскери міндетін өтеп жүрген Армат Абылғалиев кіреберістен көмек сұраған дауыстарды естиді. Бірден көмекке ұмтылған жігіт баспалдақпен түсер жерде қатты қорқып тұрған баланы кездестіріпті. Жасөспірім бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шығып, ішінде екі інісі қалып қойғанын айтады. Жауынгер жоғарыға көтеріліп, пәтерге кіріп, қалың түтіннің арасынан кішкентайларды алып шыққан.

«Алғысымды білдіремін. Осы Армат мырзаның арқасында қазіргі жағдайда балаларымыз аман-есен», – деді балалардың жақыны.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар