Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Алматы халықаралық әуежайында ұшақ өртенді

Алматы халықаралық әуежайында ұшақтан өрт шықты. Оқиға FlyArystan әуе кемесінде болған. Техникалық жұмыс барысында қызыл жалын тұтанған. Мамандар тілсіз жауды дер кезінде өшірді. Әуе компаниясының мәліметінше, өрт салдарынан мекеменің бір қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қажетті көмекті көрсетіп, оны үйіне жіберген. Аталған жағдайға қатысты Air Astana-ның баспасөз қызметі түсініктеме беріп, мән-жайды баяндады. Айта кетейік, FlyArystan — Air Astana-ның құрамындағы еншілес әуе компаниясы.

AIR ASTANA КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ:

Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған. Қазіргі уақытта ұшақ зақым көлемін бағалау және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша пайдаланудан шығарылды. Air Astana компаниясы мен Алматы халықаралық әуежайы өндірістік оқиғаның мән-жайларын анықтау бойынша бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

← Барлық жаңалықтар