Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 2 қаралым

Жастар Атырауға жиналды

Атырауда «Батысқа қадам» республикалық жастар лагері басталды!

Қазақстанның әр өңірінен жиналған белсенділер Батыстың тарихи-мәдени мұрасымен, мұражайдағы түрлі экспонаттармен танысты. Олар тарихы терең өңірді аралап, арнайы тренингтерге де қатысуда. Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан 60-тан астам белсенді жас, жас көшбасшылар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысуда.

АҚЖОЛ ҚАСЕНОВ, ҚАТЫСУШЫ:

Біз басында семинар-тренингке қатыстық. Онда жеке қасиеттерімізді дамыту бойынша үлкен ақпарат алдық. Одан әрі Сарайшық қаласына келіп отырмыз. Тарихпен жеке танысып, көне кесенелерді көріп, өзімізге рухани байлық алып жатырмыз.

Гүлназия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар