Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Мәскеуден келген маманнан сабақ

Атыраулық хирургтер сәбилердің тоқ ішегіндегі туа біткен сырқаттарға жеңіл ота жасауды мәскеулік әріптесінен үйреніп жатыр.

Игорь Киргизов Ресей Президенті іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының жетістіктерін мұнайлы өлкенің дәрігерлеріне көрсетті. Бұл заманауи медициналық технологияларды дамытуға бағытталған өңірлік шеберлік сағаты аясында мүмкін болып отыр. Оның мақсаты – аймақ дәрігерлеріне балаларды емдеуде қолданылатын заманауи хирургиялық әдістерді таныстыру, тәжірибе алмасу және медициналық көмектің сапасын арттыру. Бұдан бөлек, ресейлік маман пациенттерге кеңес беріп, саладағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

ИГОРЬ КИРГИЗОВ, РФ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:

Мен Қазақстанға 2010 жылдан бері келіп, балалар арасында кездесетін түрлі ауруларға ота жасап жүрмін. Өзім қолданатын тәсілдердің дені сәбиге отадан кейін тез тұрып кетуге мүмкіндік береді. Бұл баланың шыдамсыз мінезі үшін маңызды. Бұрын үш кезеңге бөлініп жасалатын операцияларды қазір бірден жасап тастаймыз. Осы тәжірибемді атыраулық әріптестеріме үйретіп жатырмын.

Гүлмира Тасболатқызы

← Барлық жаңалықтар