Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Қазақстан халқының саны өзгерді

Қазақстан халқының саны 20 млн 600 мыңнан асты. Ұлттық статистика бюросы жаңа мәлімет жариялады. Сонымен Алматы қаласы мен Түркістан облысы тұрғындар көп шоғырланған өңірлердің көшін бастап тұр. Ал Астанада 1 млн 690 мыңнан астам адам тұрады. Одан кейін миллион халқы бар аймақтардың қатарын Алматы облысы, Шымкент қаласы мен Жамбыл және Қарағанды облысы толықтырған. Ал адам сирек қоныстанған өңір — Ұлытау облысы, бар-жоғы 217 мыңнан асады. Солтүстік Қазақстан мен Абай облысында да халық саны 500 мыңнан асар-аспас қана.

← Барлық жаңалықтар