Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Мектептерде құқықтық тәрбие күшейеді

Ақтөбеде прокуратура мен білім саласының мамандары мектептерде оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен кездесті.

Алғашқы күні іс-шараға 20 мыңнан астам адам қамтылды. Жиында заңды құрметтеу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг пен бұзақылықтың алдын алуға басымдық берілді. Бірлескен жоба «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында оқу жылы бойы жалғасады.

КАМИЛЯ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде буллинг пен бұзақылықтың алдын алуға басымдық берілді. Жаңа оқу жылында білім беру үдерісіне құқық негіздері, Конституция негіздері және заң мен тәртіп курстары енгізілді. Оларды құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жүргізетін болады.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар