Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Той кортежі дауға қалды

Үйлену тойының соңы 56 әкімшілік іске ұласты.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында той кортежі жол ережесін өрескел бұзған. Олар қарсы бағытқа шығып, басқа көліктердің қозғалысына қауіп төндірді. Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше темір тұлпардың жолда қауіпті маневрлер жасағаны анық көрінеді. Жүргізушілер тұтас сызықты кесіп өтіп, тіпті жолды толықтай жауып тастаған. Одан бөлек, кортеж ішінде көлігіне заңсыз арнайы белгілер орнатып алғандар да бар. Осыған байланысты желі қолданушылары «Кортеж ішінде полицейлер жүр» деп болжаған еді. Алайда прокурорлар бұл ақпаратты жоққа шығарды. Керісінше, тәртіп сақшылары заң бұзушылардың жолын кесіп, көліктерді тоқтатқан.

СЕРІК ӘДІЛКЕНҰЛЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

13 көлік жүргізушісіне және 2 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік істер қозғалды. Барлығы 56 әкімшілік іс қозғалып, үш жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Бес автокөлік айып тұрағына қамалды және бір жүргізуші әкімшілік қамаққа алынды.

← Барлық жаңалықтар