Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 23 қаралым

Әскерге шақыру науқаны басталды

Елімізде әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл жыл соңына дейін шамамен 23 мың азамат Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті. Сапқа тұрып сарбаз атанатындардың басым бөлігі Қазақстан Қарулы күштерінің қатарын толықтырмақ. Қазір қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кіріскен. Сондай-ақ, цифрлық сервистерді дамыту жалғасып жатыр. Енді азаматтың тұрғылықты мекенжайы ауысса, оны әскери есепке қою автоматты түрде жүргізіледі. 17 жастағы бозбалаларды тіркеу, сондай-ақ әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату қызметтері де жаңа жүйенің көмегімен жүзеге асады. Ал мерзімді әскери қызметке барғандар ҰБТ тапсырмай-ақ, мемлекеттік білім грантының иегері атанады. Оған қоса еңбек нарығында сұранысқа сай жиырма мамандықты меңгеру мүмкіндігіне ие болады.

← Барлық жаңалықтар