Қазақстанның тағы алты облысында казино салынуы мүмкін. Ел Үкіметі букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жұмыс істей алатын аумақтардың тізімін бекітті. Қаулыға сәйкес ойын автоматтары залдары Қапшағай су қоймасының жағалауы мен Бурабай ауданында салынбақ. Бұдан бөлек тек шетел азаматтарына ғана қызмет көрсететін құмар ойын орындары ашылатын аумақтар белгіленді. Бұл тізімде Алматы облысының Талғар және Ұйғыр аудандары, Каспий теңізі мен Алакөл жағалауы, Жетісу облысындағы Панфилов ауданы бар. Сондай-ақ Шығыс Қазақстандағы Марқакөл және Зайсан, батыстағы Бәйтерек ауданында бой көтеруі ықтимал. Абай облысындағы Алакөл жағалауы да осы санатқа кіреді. Қаулы 11 қыркүйектен бастап күшіне енбек.