Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Директор болудың жаңа тәртібі

Елімізде мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Енді басшылық қызметке бос орын шыққан жағдайда аудандық немесе қалалық білім бөлімі 5 жұмыс күні ішінде облыстық басқармаға конкурс өткізу туралы өтініш жіберуі тиіс. Іріктеу аяқталғанша оқу орнын орынбасар немесе педагог уақытша басқара алады, алайда бұл мерзім 6 айдан аспауы тиіс. Сондай-ақ, ұстаздарды қызметке қабылдау рәсімі де жаңарды. Орта білім беру ұйымдарында байқау электронды форматта өтсе, өзге мекемелерде қағаз жүзінде жүргізіледі. Бұдан бөлек, соңғы екі жылда мемлекеттік грантпен университет немесе магистратура тәмамдаған, еңбек өтілі жоқ түлектерге жаңа мүмкіндік берілді. Егер олардың GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен болмаса, сертификаты мен грант тағайындалғанын растайтын құжаты бар болса, конкурссыз-ақ жұмысқа орналаса алады.

← Барлық жаңалықтар