Елімізде жерасты су қорын түгендеу жұмыстары күшейтілді.
Бүгінде мамандар бірыңғай базаға 3 мыңға жуық бұлақтың орналасқан жерін енгізіп үлгерген. Сондай-ақ бұрын нақты есепке алынбаған тағы 711 су көзі табылған. Жауапты ведомствоның хабарлауынша, барлық мәліметті бір жүйеге біріктіру үшін арнайы «Water Base» ақпараттық платформасы іске қосылыпты. Сонымен қатар қазір 2027-2040 жылдарға арналған жерасты суларын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасы әзірленіп жатыр екен.
Жанар Арғын