Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 27 қаралым

«Қала хикаялары» байқауына өтінім қабылдау басталды

Ең үздік проза авторына 50 миллион теңге беріледі.

Елімізде «Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды. Проза жанрындағы сайыс жаңа есімдерді анықтап, жас авторларды қолдауға бағытталған. Қатысушылар қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтар тақырыбындағы шығармаларын ұсына алады. Байқауға Қазақстан азаматтары қатыса алады. Оған бұрын еш жерде жарияланбаған, көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын романдар қабылданады. Әр автор тек бір шығарма өткізеді. Өтінімдер 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында жобаның ресми сайты арқылы қабылданады. Ал жүлдеге ие болған шығармалар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар