Қазақ тілінің өрісі кеңейіп келеді.
Ана тіліміз цифрлық ортаның толыққанды бір бөлшегіне айналып үлгерді. Елордада жаңа технологияға оңтайландырылған жобалардың таныстырылымы өтті. Ауқымды жұмыстар «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI компаниясымен бірлесіп дайындалған. Ал жобаның басты міндеті – жасанды интеллектіні, оның ішінде көпшілік жиі қолданатын ChatGPT-ді қазақша сайрату. Нейрожүйе қазақ тілін түсініп қана қоймай, қолданушылардың сауалдарына мемлекеттік тілде жауап бере алуы тиіс. Сондай-ақ тілдің ерекшелігін, тарихымызды, дәстүріміз бен ұлттық мәдени мұраларымызды да ескеруі шарт. Ал жоба ұйымдастырушылары ең алдымен сапаға мән береміз дейді. Сондай-ақ жасанды интеллектіге мемлекеттік тілдің жаңа транскрипция модулі де енгізіледі. Яғни озық технология қазақ тіліндегі мәтіндерді 98 пайыз дәлдікпен қайталай алатын көрінеді.
РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бәріміз қолданып жүрген ChatGPT жүйесін қазақ тілінде еркін, қатесіз қолдануды қамтамасыз етуге көмектесіп жатырмыз. Ол үшін 10 миллиардтан астам токен жиналды. Яғни қазақ тіліндегі мәліметтер мен аудиофайлдар жинақталды.
Қайыркен Отыншы