Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Атырау халқы тұншығып жатыр

Атырауда ауаның ластануынан аң-құстың қырылып жатқаны рас па? Бір аптадан бері қаланы қою түтін мен мүңкіген иіс басып, тыныс алу қиындаған. Тұрғындардың айтуынша, үйдің ішіне дейін кіріп, денсаулықтары сыр беріпті. Ал әлеуметтік желіде шаһардың ішінен аққудың өлексесі жатқаны туралы видео тарады. Алайда оның неден өлгені әзірге белгісіз. Жергілікті экология департаменті арнайы брифинг өткізді. Мамандардың айтуынша, соңғы күндері ауадағы кейбір зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден бірнеше есе асып кеткен. Бұған өндірістік қалдықтармен қатар, жел бағытының өзгеруі де әсер етіп отырған көрінеді. Қазір білікті мамандар мән-жайды нақты анықтау үшін мониторинг жүргізуде.

АСҚАР ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Кешенді тексеріс тағайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр Атырау мұнай өңдеу зауытына. Ол жерде тек қана экологиялық тексеріс болмайды. Ол жерде тиісті тәуелсіз эксперттерді тарта отырып, технологтар бар, СЭС қызметкерлері, экологтар бар, сондай кешенді тексеріс тағайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар