Мазмұнға өту
· 107 қаралым

Күдікті ер адамның үйінен қауіпті зат табылды

Алматыда есірткі саудасының жолы кесілді.

Күдіктіден бір жарым келіден астам нашаға ұқсас зат тәркіленген. Әуелі полицейлер Жетісу ауданында бірнеше доза марихуана сатып алған ер адамды ұстаған. Кейін жедел қызметкерлер есірткі сатты деген күдікпен тағы бір адамды ұстап, үйін тінту кезінде қауіпті заттың түр-түрін тәркіледі. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған адам бұған дейін де есірткі істеріне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Қазір полиция тексеріс бастап, ер адамның сыбайластарын анықтап жатыр.

Гүлназия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар