Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

«Отбасы күні» апталығы басталды

Елімізде Отбасы күніне орай апталық ұйымдастырылып жатыр. Іс-шараны алғашқылардың бірі болып Астана әкімдігі қолға алды. Жобаның мақсаты – әр шаңырақтағы құндылықтарды насихаттау, өзара сыйластық пен түсіністікті арттыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Қыркүйектің 7-сі мен 13-і аралығында өтетін науқанға қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Сондай-ақ Otbasym2026 хештегімен жалпыұлттық челленджге атсалысып, жанұяңыздың қуанышты сәттерімен бөлісуге мүмкіндік бар.

НАЗГҮЛ МАҚЖАН, ҚАЛА ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жастармен жүргізілетін жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Жас отбасылармен шаңырақ көтерудің салтанатты жағын ғана емес, ерлі-зайыптылардың күнделікті жауапкершілігін, бір-бірін тыңдауды және түсінуді, шешім қабылдауды, отбасылық бюджетті жоспарлауды және жеке шекараны құрметтеуді ашық талқылауымыз қажет.

← Барлық жаңалықтар