Алфавит ауыстыру оңай шаруа емес. Президенттің пәрменінен кейін латын әліпбиіне жуық арада көшпейтініміз осыған дейін айтылған болатын. Ал бұл бағытқа бөлінген қаражат қалай жұмсалып жатыр? Үкіметте өткен брифингте журналистердің сұрағына Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің өкілі жауап берді. Эльмира Асанның сөзінше, латын қарпіне көшудің нақты уақыты белгіленбеген. Сол себепті де қазір 2020 жылдан бері осы салаға аударылған капитал республикалық бюджетке кері қайтарылып жатыр екен.