Актер, ММА шебері Еркебұлан Тоқтарға айыппұл салынды. Алматы қаласының прокуратурасы оны әлеуметтік желіде бейәдеп сөз айтып, ұсақ бұзақылық жасады деп айыптаған. Істі қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарапты. Жекпе-жек шеберінің кінәсі дәлелденіп, енді өнер жұлдызы 86 500 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ, РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:
Алматы қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілерден танымал аралас жекпе-жек файтері Еркебұлан Тоқтардың бейәдеп сөздер айтқан видеосын анықтады. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.