Мазмұнға өту
· 93 қаралым

Байкерлер балаларды ерекше сезімге бөледі

Алматылық байкерлер қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлады.

Бейімдеу орталығының мамандары желіде ерекше балалардың мотоциклде отырып суретке түскілері келетінін айтып, көмек сұраған. Мұны әлеуметтік желі қолданушылары бірден қолдай кетті.

ВЕРА МАГАЗОВА, БАЛАЛАРДЫ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Біздің орталыққа келетін балаларға мотоциклде отырған суретімді көрсеттім. Мирон деген сөйлей алатын бала бар. Сол «Мен де отырып суретке түскім келеді» деп айтты. Оны барлық бала қоштап шықты. Үшеуміз суретке түсіп, әлеуметтік желіге «Бізге кім қолдау көрсете алады?» деп жарияладық. Бірден қолдау тауып, байкерлер өтініштерін орындауға келді. Балалардың алған әсерлерін сөзбен айтып жеткізудің өзі қиын.

Ерекше балалардың арманын орындауға алматылық байкерлер бірден келісіпті. 20 шақты көлік иесі орталыққа келетін балалардың арманын орындады. Бірінен-бірі өтетін мотоциклдерді кезек-кезек тақымдап, гүрілдеген дауысын естігенде қуанған ұл-қыздар жүйткіп келе жатқандай сезімге бөленді. Әсіресе байкерлердің киімдерін киіп, ары-бері жүріп көрген жандардың қуаныштарында шек болмады. Темір тұлпар иелері балаларға сыйлықтар беріп, қуаныштарын еселей түсті.

СЕРІК АБДАБАЕВ, БАЙКЕР:

Мүмкіндігі шектеулі балалардың қызыққанын естіп, осылай жиналайық, балалардың көңілін аулайық деп, кішігірім сыйлықтарымызды әкеліп, олардың көңілін көтеріп жатырмыз.

← Барлық жаңалықтар