Президенттің Сары құрлық алпауыттарына сапары жалғасып жатыр. Кеше ғана Үндістанда БРИКС саммитіне қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев бірден «таңғы шық» еліне аттанды. Сеул әуежайына қонған Мемлекет басшысын Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды. Мемлекеттік сапар аясында алдағы 3 күнде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланбақ. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компанияларының жетекшілерімен кездеседі. Ал 16 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия — Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады. Айта кетейін, Қазақстан көшбасшысын Президент Ли Чжэ Мён арнайы шақырған болатын.