Мазмұнға өту
· 83 қаралым

Күріштен картина салатын суретші

Астанаға Қызылорда облысынан жүзге жуық креативті маман келіп, өңірдің шығармашылық қуатын паш етті. «Тамырдан туындыға…» атты көрмеде Сыр өңірінің басты бренді — күріштен жасалған өнімдер мен алуан түрлі авторлық жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Арасында дәнді дақылдан аттың бейнесін салып, шетелдерге экспорттайтын мамандар да бар екен.

ДУЛАТ АЙТБАЕВ, СУРЕТШІ:

Осы күрішпен сурет салып келе жатқаныма 20 жылдан астам уақыт өтті. Көбіне Сыр елі күріштен адамның бейнесін саламыз. Сондай тапсырыстар қабылдаймыз. Мына Қытай мемлекеті 50 аттың суретін салдыртты.

Өңірдегі зергерлік бұйымдарды көпшілікке қолжетімді ету үшін қызылордалық IT мамандар арнайы маркетплейсті іске қосыпты. Болашақта Қазақстанның бүкіл өңірін қамтитын бұл стартап отандық шеберлердің еңбектерін бір жерге жинақтайтын сауда алаңына айналмақ.

МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Креативті индустрияның 46 бағытының 21 бағыты бойынша қазір заттар әкелініп отыр. Жалпы Сыр өңірінің 100 шеберлерінің, креаторшыларының 74 млн теңге көлемінде заттары көрмеге қойылған.

← Барлық жаңалықтар