Мазмұнға өту
· 55 қаралым

Тәртіп сақшысын өлтірген күдікті құрықталды

Қызылордалық тәртіп сақшысын өз үйінде өлтірген күдікті ұсталды. Полицейді жер жастандырып, гаражға жасырып кеткен Арал ауданының тұрғыны екен. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Қазір 39 жастағы қаскөй сот санкциясымен қамауға алынған. Айта кетейік, бұл қанды қылмыс қыркүйектің бірінде Қызылорда облысында жасалған еді. Тұрмыстық жанжал кезінде жаға жыртысқандардың төбелесі учаскелік инспектордың өлімімен аяқталған. Ал оқиға болған кезде марқұмның еңбек демалысында жүргені белгілі болды. Айта кетерлігі, оған дейін тәртіп сақшысы ер адамды жанжал шығарып, отбасының шырқын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан екен.

← Барлық жаңалықтар