Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Діннің атын жамылып, қылмыс жасаған

Полицейлер биыл еліміздің бірнеше өңірінде діннің атын жамылып, адам шошырлық қылмыс жасаған 64 адамды ұстады. Қылмыстық топтың құрамында болғандардан жүзден астам қару, мыңның үстінде оқ-дәрі мен есірткі тәркіленген. Ал жасаған тірліктері тіпті жаға ұстатарлық. Мәселен, Алматыда қолға түскен қаскөйлер тұрғынды бопсалап, 7 жарым миллион теңгесін тартып алған. Павлодарда радикалдық көзқарастағы әйел алаяқтықпен айналысып, жұртты 2 млн теңгеге тақырға отырғызыпты. Ақтөбеде қамауға алынғандардың бірі интернетте діни араздық тудырған. Ал енді бірі зорлық-зомбылық жасауды жоспарлапты. Қамауға алынғандардың барлығы заң аясында жауапқа тартылды. Алды жеті, соңы үш жылға бас бостандықтарынан айырылған.

← Барлық жаңалықтар