Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Ковидке ұқсас тұмау күшейді

Симптомдары коронавирусқа ұқсас. Қазақстандықтар әлдебір тұмаудан бас ала алмай жатқанын жаза бастады. Көбінің ыстығы көтерілген. Жөтел қысып, мұрын бітетінін айтқан. Ал Денсаулық сақтау министрлігі ешқандай жаңа вирус түрлері анықталмағанын жеткізді. Қыркүйек айы басталғалы вирустық инфекциялар, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық мониторинг жүргізіліп жатыр екен. Ал көпшілік арасында тарап жатқан сырқатқа климаттың өзгеруі себеп болса керек. Өйткені құбылмалы күн райы тыныс жолдары ауруларының тарауына әсер етеді екен.

САЛТАНАТ БЕКХОЖИНА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Симптомның бір түріне қарап, нақты қай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес. Сондықтан сырқат белгілері пайда болған жағдайда өз бетінше емделмей, медициналық мекемеге барып, дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Сондай-ақ маусым сайын тұмауға қарсы вакцинаны салдыруға шақырамыз. Бөлмелерді желдетіп, гигиена талаптарын сақтаған жөн. Адам көп жиналатын жерде бетперде таққан дұрыс.

← Барлық жаңалықтар