Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Тауға шығам деп, есінен танып қала жаздады

Алматы облысында 4 мың метр биіктегі мұздыққа шыққан бозбала есінен танып қала жаздады. Ол Талғар ауданының аумағындағы Корженевский шыңына жеті адамнан тұратын туристік топпен барыпты. Жорық барысында денсаулығы күрт нашарлап, басы айналған. Дем жетпеген соң жанындағы достары бірден құтқару қызметіне хабарласқан. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 17 жастағы жеткіншекті тікұшақпен эвакуациялады. Дәрігерлер «тау ауруы» диагнозын қойған ол қазір жіті медициналық тексерістен өтуде.

← Барлық жаңалықтар