Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Метрода ер адамның сөмкесінен оқ табылды

Алматы метросында төтенше жағдай! «Байқоңыр» бекетінде автоматтың оғын жасырған жолаушы ұсталды. Бекеттегі тексеру барысында рентген-телевизия қондырғысы ер адамның сөмкесінен күмәнді затты көрсеткен. Мамандар екі патронның ойық ұңғылы қаруға арналғанын анықтаған. Күдікті сол жерде ұсталып, аумақтық полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір оның оқ-дәрілерді қайдан алғаны және қандай мақсатқа пайдаланбақ болғаны анықталуда. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

← Барлық жаңалықтар