Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 22 қаралым

Ұлдана Мырзуан ісі: 8 жыл бұрынғы тексеру сотта талқыланды

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі процесте 2018 жылы көпқабатты үйдің техникалық күйі қалай бағаланғаны сөз болды. Судья іс материалдарын зерттеп, сол кездегі тексеруге қатысқан адамнан жауап алды. Алайда ол сегіз жыл бұрынғы жағдайдың егжей-тегжейін есіне түсіре алмады. Куәгер құжаттардың түгел екенін растағанымен, ғимараттың нақты қай бөліктері тексерілгенін нақты айтып бере алмады. Тіпті қасбеттің сол уақыттағы ахуалы мен қандай талаптар қойылғаны да оның жадында қалмапты.

КУӘГЕР:

Тексеру тәртібі мынадай. Заңды немесе жеке тұлға тарапынан заңнама талаптарының бұзылғаны туралы өтініш не шағым түседі. Оның ішінде қылмыс белгілері немесе тұрғын үй заңнамасының бұзылғаны туралы ақпарат болуы мүмкін. Біз алдымен тексеруді арнайы жүйеде тіркейміз. Содан кейін өтініште немесе шағымда көрсетілген мәселелер бойынша тексеру жүргіземіз. Бірақ осыдан сегіз жыл бұрынғы жұмыстың нәтижесі есімде жоқ.

← Барлық жаңалықтар