Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 26 қаралым

Балықшылардың мәйіті табылды

Зайсан көлінде жоғалған екі балықшының мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері 31 және 58 жастағы азаматтарды үш күн бойы үздіксіз іздеді. Дрондар мен сүңгуірлер жұмылдырылып, бар мүмкіндік пайдаланылған. Марқұмдардың денелері Тұғыл ауылдық округінің маңынан табылған. Айта кетейін, үш тұрғын бұдан бірнеше күн бұрын көлге балық аулауға шыққан. Олар су айдынында жүргенде кенеттен дауыл тұрып, қайықтары аударылып кетіпті. Сол кезде бір азамат өз күшімен жағаға шығып үлгерген. Ал екеуі суға батып кеткен.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар