Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Самокатпен зулаған адам қаза тапты

Алматыда электр самокат мінген азаматтың тағдыры қара жолда үзілді. Ол түнде қала ішінде көліктерден қалмай, сағатына 90 шақырым жылдамдықпен зулаған. Лепіріп, озуға тырысқан кезде тізгінге ие бола алмай, аударылып құлап, сол жерде тіл тартпай кетті. Марқұм 54 жаста болыпты. Қазір осы қайғылы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, апаттың барлық мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр. Полицияның дерегінше, жыл басынан бері қалада электр самокаттардың қатысуымен 91 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 96 адам жарақат алыпты.

← Барлық жаңалықтар